“Семей медицина университеті” КеАҚ негізгі мақсатының бірі – кәсіптік бағдар беру жұмысы болып табылады. Осыған орай, ағымдағы жылдың 08- 13 сәуірінде “ZOOM” платформасында Абай облысының аудандарында (Зайсан ауданы, Жарма ауданы, Аягөз ауданы) орта білім беретін мектеп-лицейлердің 11 сынып мектеп бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдарлау іс-шарасы өтті. Шараға 100-ден астам оқушылармен ата- аналар қатысты.
Түлектерді жұмыспен қамту және Medical foundation бөлімінің әдіскері Советбеков Д. Е, Семей медицина университетін таныстыра отырып, кері байланыс жүргізді.
Мұндай іс-шараны өткізу түлектердің назарын аудару және оларға қабылданған шешімнің барлық перспективаларын көрсету, сондай-ақ оқуға түсу ережелерімен, “СМУ” КеАҚ-та оқумен таныстыру үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Білім беру процесіне қатысты бірнеше сұрақтар қойылып: оқу қызметі, шәкіртақы төлеу, түлектердің талап етілуі және “СМУ” КеАҚ-та оқу мүмкіндігі туралы ақпараттар ұсынылды. Кәсіптік бағдар беру жұмысының соңында мектеп оқушылары өз әсерлерімен бөлісіп ТЖҚ және MF әдіскері Д. Е. Советбековке алғыстарын білдірді.