ҚР ҰҒА академигі Т.Қ Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында 2022 жылдың 14 сәуірінде студенттер ғылыми үйірмесінің отырысы өтті. Отырыс барысында 2022 жылдың 12-13 сәуірінде КЕАҚ Семей медицина университетінде Қазақстан Республикасының Ғылым күніне арналған “Ғылым және денсаулық” атты 64-ші ғылыми-практикалық халықаралық конференциядағы жетістіктертерге қорытынды жасалды.
Ғылыми үйірме студенттері жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:
1 орын – Сексенбаева Аружан, 2104 топ,”жалпы медицина”, ғылыми жетекшісі Мусапирова А.Б;
2 орын – Калелова Малика, 1118 топ, “жалпы медицина”, Саманд Абдулкабир, 1221 топ, “жалпы медицина”, ғылыми жетекшілер: Оразалина А. С, Мухамедиярова Л. А.
2 орын – Әшірбай Бекжан, Алимханов Алишер, 2102 топ, “жалпы медицина”, Сагындыков Райымбек, 2113 топ, “жалпы медицина”, ғылыми жетекшілер: Ибраева Г. Р., Мухамедиярова Л.А.
3 орын – Салимгожинова Сымбат, 1103 топ, “жалпы медицина”, ғылыми жетекшілер: Ибраева Г.Р., Ғалымбеков Д. Ж.
Кафедра меңгерушісі, доцент Оразалина А.С. әр қатысушыны және ғылыми жетекшілерді марапаттарымен құттықтап, қатысушыларға сертификаттарды табыс етті және қазіргі заманда медицинадағы жетістіктер ғылыми прогресске, жаңа технологиялардың қарқынды енгізілуіне, белсенді жұмыс пен әркімнің ғылымның дамуына қосқан үлесіне тікелей байланысты екенін атап өтті. Қатысушыларға ғылыми қызметте табыс, сенімді пікірлестер, жемісті еңбек тіледі. СҒҮ төрайымы – Садыкова А., “стоматология” факультетінің 4 курс студенті, сонымен қатар ғылыми үйірменің барлық қатысушы студенттері алған әсерлерімен бөлісіп, болашақта ғылыми – зерттеу қызметін жалғастыруға тілектерін білдіріп, тәжірибе, даму, білім және жаңа дағдылар үшін алғыстарын білдірді.