2022 жылғы 12-13 сәуірде КеАҚ «Семей медицина университетінде» Қазақстан Республикасының ғылым күніне арналған «Ғылым және денсаулық» атты халықаралық қатысуымен білім алушылардың 64-ші ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. «Педиатрия» секциясына ғылыми баяндамалармен жақын шетел (Ресей, Белорусь) білім алушылары және еліміздің басқа да қалаларының медициналық ЖОО-ның студенттері қатысты. Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасы атынан 2 баяндама ұсынылды. Бірінші баяндама тақырыбы: «Балалардағы муковисцидоздың клиникалық көріністері мен диагностикасына талдау» Г.Ж.Сағындықова, 3 курс 3225 топ, Жалпы медицина, ғылыми жетекші: м.ғ.к., кафедра меңгерушісі: Б.Ж.Токтабаева, үздік деп танылып І орынды иеленді. Екінші баяндама тақырыбы: «Балалардағы ауыр пневмонияның асқыну жиілігі. Негізгі этиологиялық аспектілер» Ғазезова С.Е., Муликова Д.Е., 3 курс 3218 топ, Жалпы медицина, ғылыми жетекші: ассистент Кабдоллина Ж.У., ғылыми конференцияға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды. Жоғары дәрежеде өткен конференция төңірегінде баяндаушылар өздерінің ғылыми жұмыстарында педиатрияның өзекті мәселелерін қарастырды, бұл болашақ кәсіби білікті мамандарды даярлауда үлкен септігін тигізетініне кәміл сенеміз!
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу