Мен гастроэнтерология мамандығының бірінші курс резидентімін. Осы уақыт аралығында алған әсеріммен бөліскім келеді. Біріншіден гастроэнтерология мамандығын таңдағаныма, және жыл сайын елімізге қызмет ететін қаншама білікті, білімді дәрігерлерді даярлап жатқан университетімізде білімімді жетілдіріп жатқаныма өте қуаныштымын. Бұл мамандық улкен табандылықты, жауапкершілікті, жоғары біліктілікті, төзімділікті талап етеді. Бүгінгі күнде қоршаған ортаның ластануы, дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстанбау, күйзеліс әлемде асқазан – ішек жолдарының патологиясының өсуіне бірден – бір себеп. Ал сол ауруларды емдеу жолында көптеген заманауи зерттеу аспаптары, инновациялық емдеу жолдары, ғылыми жұмыстар жасалынып жатыр. Сол себептен де осы қызықты да өзекті мамандықты таңдадым.
Біз жетекшілерімізбен бірге теорияны, тәжірибе жүзінде жиі кездесетын сонымен қатар сирек кездесетін ерекеше жағдайларға талдау жасаймыз. Дәлелді медицина негізінде науқасқа қандай зерттеулер тағайындау керек, сол талдаулар нәтижесіне интерпритация жасау, емін тағайындау және емдеуге қандайда бір түзетулер енгізу керектігін, науқасты динамикада бақылауды клиникалық жетекшілердің көмегімен жүргіземіз. Содан кейін күнделікті клиникалық базада алған теориялық білімді практикамен ұштастырамыз. Сонымен қатар ғылыми жумысымызды берге алып жүреміз.
Барлықтарыңызға гастроэнтерология мамандығын таңдауға кеңес беремін. Гастроэнтерология мамандығына түсу арқылы сіздер жоғары білікті тәлімгерлеріміз, жетекшілеріміздің көмегімен терең білім мен дағдыларға ие болып, баға жетпес медициналық тәжірибе аласыздар.
Факультеттік терапия кафедрасы
резидент гастроэнтеролог Есмуханбет Д.М