«Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасының басшысы медицина қызметінің полковнигі
Орынбасаров Шынғыс Оразмухаметович бастаған профессорлық-оқытушылық құрам «Жалпы медицина», «Стоматология» мамандықтарының 2 курс және «Фармация, қоғамдық денсаулық сақтау және мейіргер ісі» мамандықтарының 1, 2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында университеттің әскери кафедра, оқылатын әскери – есептік мамандықтары, берілетін «Запастағы офицерлер және запастағы сержанттар» әскери атақтары туралы толық мағлұматтар жеткізілді.
Іріктеудің 4 кезеңнен тұратындығы, қазіргі уақытта әскери кафедрада 2022-2023 оқу жылында оқу үшін өтініш пен құжаттарды қабылдау және әскери-дәрігерлік комиссиядан өту шаралары жүргізіліп жатқандығы айтылды.
Әскери кафедраның тәрбие жұмысына жауапты запастағы м/қ подполковнигі Н.Смаилов