кезекті отырысы
2022 жылдың 2 наурызында дербестендірілген медицина кафедрасының меңгерушісі, м.ғ. д., профессор Дюсупова Ажар Ахметкалиевнаның және м. ғ. к. Фаизова Раида Ильдусовнаның басшылығымен 616-топтың ЖТД интерндерімен бірлесіп, “Мониторинг және даму скринингі”тақырыбында клиницист мектебінің кезекті отырысын өткізді. Мектеп жұмысына ЖТД мамандығының 6-7 курс интерндері қатысты.
Отырыстың мақсаты мониторинг, мониторинг құралдары, даму кезеңдері, мерзімді скрининг, дамуды толық бағалау ұғымдарының мағынасы мен айырмашылығын түсіндіру; баланың дамуында ауытқуы болса да, отбасы өз баласының дамуына қалай ықпал ететіні туралы негізгі кеңестер беру; бала ерте араласу қызметтерін алған кезде патронаттық қызметкердің отбасы мен бала өміріндегі тұрақты рөлін анықтау.
Мектептің нәтижелері бойынша интерндер ата-аналарды (немесе маңызды отбасы мүшелерін) бағалау процесіне енгізудің рөлін түсінді, бұл ата-аналардың баласын, оның күнделікті өмірдегі мінез-құлқын, күшті және әлсіз жақтарын, осалдықтарын және оңтайлы дамуы үшін қажет қолдауды жақсы білетіндігіне назар аударды.
Соңында интерндер мектеп тақырыбы бойынша сұрақтар қойды.