Семей Медицина Университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Дюсупов А.А., Басқарма төрағасының академиялық жұмыс жөніндегі орынбасары Жанаспаев М.А., Медицина мектебінің Деканы Узбекова С.Е. шетелдік студенттерге арналған жатақханға 2022 жылдың 25 ақпанында барды. Сапардың мақсаты – шетелдік студенттердің тұру шарттарымен және тамақтандырудың ұйымдастыруымен танысу. Студенттік белсенділерімен және 1 курс басшыларымен кездесу барысында студенттер кейбір күнделікті мәселелерді шешуге ректордан көмек сұрады. Жатақхана басшылыңына оларды шешу бойынша ұсыныстар берілді.
Категориясы: СМУ-дағы іс-шаралар
Осы жазбамен бөлісу