2021 жылдың 13 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Семей медициналық университеті» КеАҚ «Денсаулық сақтау саласына және білім беру саласына» елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер марапатталды. Олардың ішінде қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы Токешева Гүлмира Манарбекқызына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет граматосы» табыс етілді. Біз қалыпты физиология кафедрасы атынан шын жүректен құттықтаймыз!!! Құттықтай отырып зор денсаулық, мол бақыт, шығармашылық өсу, табыс тілейміз!
Г.М. Токешева 1987жылы Семей Мемлекеттік Медицина Институтының емдеу факультетін үздік бітірді. 1987 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Семей қ. СММУ қалыпты физиология кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтімі -34 жыл.
Г.М. Токешева жоғары білімді, кафедраның оқу ісі меңгерушісі, кафедрада пән бойынша орыс тілінде әдістемелік жұмыстарға жауапты, «Стоматология» мамандығы бойынша «Морфология және физиология» 2 фазасы комитидің директоры, ВО КОП мүшесі. Г.М.Токешева жұмыста сиымды, қызметкерлер құрметіне ие, коммуникабельді, талапшыл, кез-келген уақытта қол ұшын беруге даяр.