30.11.2021 ж. “МУС” КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасында “1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні” мерекесі қарсаңында он-лайн режимде “Жалпы медицина” факультетінің 5434-топ кураторлық студенттерінің, 601-топ ВОП интерндерінің қатысуымен сынып сағаты өткізілді. Тыңдаушылар ретінде “Семей”медициналық колледжінің БЛ-33, Л-20 топтарының студенттері шақырылды. Іс – шараның модераторлары Ахметқанова Аяулым ,Қауазхан Айым және Аманжол Гүлайым еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назабаевтың өмірі, жетістіктері, еңбектері туралы баяндама дайындады. 1 -желтоқсан Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды күндердің бірі болып табылады, өйткені дәл осы күні 1991 жылы алғаш рет бүкілхалықтық сайлауда Қазақ КСР Президенті ретінде -Нұрсұлтан Назарбаев сайланды, ол үшін сайлаушылардың 98,7% дауыс берді. Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтауға әрқашан бірінші кезекте көңіл бөлді. Ұлттық бірлік пен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық моделі бүгінде көптеген басқа елдер үшін үлгіге айналды және ол Тұңғыш Президенттің арқасында қалыптасты. Сондықтан Тұңғыш Президент күнін барша Қазақстандықтардың бірлігі мен толеранттылығы күні деп те атауға болады.
“МУС” КеАҚ жұқпалы аурулар және иммунология кафедрасы