Қараша айының 25-і күні Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қаазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған, «Мен жастарға сенемін» республикалық студент жастар форумына бірінші кезең бойынша шақырту алған «Педиатрия» мамандығының 1 курс студенті Зере Тамызғазина мен «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенті Дамир Шадибеков барып, арнайы жүлделі орындарға ие болып қайтты.
Зере Тамызғазина «Дәрігер ардақты мамандық» тақырыбындағы бейнебаян байқауында жүлделі ІІІ орын иегері атанса, Дамир Шадибеков бас жүлде иегері атанып, салтанаты кеште бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сдуденттерімізді атаулы жеңістерімен құттықтай отырып, университетіміздің абыройын асқақтата түсуін және білімдері мен шығармашылықтарын шыңдап, жеңіс тұғырларын бағындыра берулерін тілейміз!
«Педиатрия» мамандығы, 1330 топ кураторы,
ЖББП кафедрасы оқытушысы Л.К. Садықова