25- қараша күні Тұңғыш Президент күніне орай Университет кітапханасының қызметкерлері «Қоғамдық денсаулық» кафедрасының оқытушысы Г.Қ. Қайратовамен бірлесе, бірінші курстың «Педиатрия» факультетінің 1330 топ студенттеріне арнап «Елбасы мұрасы-білімді ұрпақ» атты ақпараттық диалог сағатын өткізді.
Аталмыш шараның басты мақсаты- жастарды отан сүйгіштікке баулу және Н.Назарбаев туралы мәлімет беру, халқымызды әлемге танытып, ел абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін, жастарға білім жөніндегі бағдарламаларын насихаттау
Н. Ә. Назарбаев ҚР Тұңғыш Президенті болған алғашқы күннен-ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім сапасын әлемдік стандартқа сай реформалау мәселесіне баса назар аударған еді. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәт толастамайды.Табыстың көзі, жақсы өмір сүрудің түп қазығы- білімде. Сондықтан да Елбасының Президенттік қызметінің алғашқы күнінен-ақ елдің назарын аударып, қолдауына ие болған маңызды мәселенің бірі – Қазақстандағы білімді білікті ету саясаты болды.
Шара барысында Ақерке Бақытова, Айдана Ордағалиева, Зейнеп Жұмағлова, Малика Абидуллаевалар ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білім деңгейімен анықталатыны туралы ойларын ортаға салды.
Сонымен қатар, оқырмандар Университет сайтындағы «Кітапхана» порталымен таныстырылып, ондағы «Электронды кітапхана» бөліміне шолу жасалды.