8 қараша күні «Мейіргер ісі» – нің студенттері Семей қаласының тарихи – өлкетану мұражайына барып қайтты. Мұражайда студенттер қазақ халқының этнографиясы, Семей қаласының тарихы, мұражайдың палеонтологиялық жиынтығы, аймақтың өсімдіктері мен жануарлар әлемімен және де Ертіс өңірінің мәдениетімен танысты.
Студенттерге ерекше есте қаларлықтай әрленген «Табиғат», «Қала тарихы» және «Этнография» атты залдар болды. Бұл залдарда қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктер, ертеде қазақ халқының қолданған ыдыстары мен киім – кешектері орналастырылған. «Тәуелсіздік жылдарындағы Семей» атты залында Семей өлкесінен шыққан атақты ғұлама жазушылар мен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістерінің шығармасы мен жетістіктері жәдігер ретінде қойылған. «Археологиялық» залы ең көне жәдігерлерге толы болып табылады. Бұл залда мезозой заманында өмір сүрген жануарлар қаңқалары және сол заманда қолданған құрал – жабдықтар орналастырылған. Мұражайға саяхат студенттер үшін өте қызықты және әсерлі болды.