Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Baskent University-де оқуға “Жалпы медицина” мамандығының 2-курс білім алушылары арасынан 2 үміткерді іріктеу бойынша екі кезеңдік конкурс жарияланады.
Бірінші кезең 11.11.2021ж. сағат 14:00-де өтеді және ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі. Бұл кезеңде ағылшын тілін меңгеру сертификаты жоқ немесе IELTS сертификатына сәйкес 5.0-ден төмен балл жинаған үміткерлер қатысады.
Екінші кезең 11.11.2021ж. сағат 15:30-да өтеді және үміткерлерді іріктеу критерийлерінің талаптарына сәйкестік деңгейін анықтау мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа қатысуға кемінде 2,67 GPA бар “жалпы медицина” мамандығының 2-курс білім алушылары жіберіледі.
Бағдарлама қатысушыларына ҚР аумағында теміржол көлігімен жол жүру, халықаралық ұшу билеттері және тұру ақысы төленеді.
Конкурсқа қатысу үшін транскрипт, медицина мектебі деканының орынбасары Дюсенбаева Айгүл Бахтыбекқызынның атына өтініш, IELTS сертификатын (бар болған жағдайда) ұсыну қажет.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтініш үлгісін төмендегі сілтеме бойынша жүктеуге болады.
Байланыс ақпараты:
Академиялық ұтқырлық бойынша маманы Мухамедиева Наргиз Кайратовна,
Email: nargiz.mukhamediyeva@nao-mus.kz
Кабинет: № 127
Телефон: +7 777 993 7481