«Жалпы медицина» мамандығының 1213 тобы, топ кураторы Джакипова Танакөз Уалканқызының жетекшілігімен, университетіміздің психологы Асылбекова Айгерим Мухаметбековнаның қабылдауында болды. Айгерім Мұхаметбекқызының психологиялық тренингі барысында топ студенттері өз аты-жөндері бойынша жақсы теңеулермен есімдерін таныстырып өтті. Кездесудің негізгі мақсаты топ студенттерінің бір-бірімен қарым-қатынасы, өзара бейімделуі тұрғысында бақылау жасау болды. Топ студенттері бір-бірін жақын тану мақсатында бірнеше жаттығулар жасады. Жүргізілген психологиялық тренинг барысында балалар бір-бірінің таныс емес қырларымен танысып, қызығушылықтарын білді.
Психологтың топ студенттеріне берген қорытынды мінездемесі жақсы. Топ студенттері аздап ұяң, бірден ашыла қоймайтын, бірақ топтың ұйымшылдығы, өзара түсінушілік дұрыс қалыптасқан орта екендігін айтты. Яғни, олардың ойдағыдай бейімделіп келе жатқандығы, топ арасында ешқандай түсініспеушілік сияқты келеңсіз жағдайдың жоқ екендігі, жалпы топтың арасындағы қатынас өте жайлы қалыптасып келе жатқандығы алға тартылды. Болашақта білімді, бәсекелестікке қабілетті жастардың бар екендігі берген жауаптарынан көрініс тапты деп топшылады.
Алдағы уақыттарда да университетіміздің психологы Айгерим Мухаметбековнаның психологиялық тренингтеріне қатысып, қарым-қатынас мәселесіне қатысты біліктілігімізді жетілдіруді көздеп отырмыз.
Топ кураторы, ЖББП кафедрасы оқытушысы Т.У. Джакипова,
«Жалпы медицина» мамандығының 1213 топ студенттері