«Жалпы медицина» мамандығының 1104 тобының студенттері куратор Ж.С. Кусаиновамен М. Мәметова атындағы мұражайға барды. Экскурсия кезінде кітапханашы Р.С. Уссербаева мұражайдың ашылу тарихы туралы айтып берді. Студенттер Кеңес Одағының Батыры атағын алған пулеметші қыздың қысқа өмірі туралы көп мәлімет алды. Мұражай экспозициясы мен қызметкердің әңгімесі студенттерге үлкен әсер қалдырды.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Ж.С. Кусаинова