12-ші қазан 2021 жылы Семей медицина университетінің 1106 топ “Жалпы медицина” 1 курс студенттері топпен Семей қаласының “Тарихи-өлкетану” мұражайында болып қайтты.
Мұражай-біздің ежелгі ата-бабаларымыздың өмірін бейнелейтін орын деген ниетпен студенттер мұражайға барып қайтты . Студенттер қаламыздың тарихын, көрнекті ақын-жазушылардың өмір-баянын тамашалап, өздеріне мол мұра етіп алды. Аталмыш музейдің әрбір жәдігерін қызығушылықпен қызықтап, мәліметтерді мұқият тыңдады. «Тарих – өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі» дей отыра топ студенттері болашақта қаламыздың басқа да мұражайларына баруды мақсат етіп отыр.
ЖББП кафдрасының аға оқытушысы Т.А. Мұздыбаева
1106-топ старостасы Н.С. Айтқазина