Осы аптада студенттердің Отанға деген азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатымен «Стоматология» мамандығы бойынша 1304, 1310 топтары А.Б. Букатаева кураторымен бірге университеттегі М. Маметова атындағы мұражайына экскурсияға барды.
Экспозицияда студенттер жеке заттар, батырлар, жәдігерлер және шайқасқа тікелей қатысқан жерлестерінің батырлық куәліктерімен таныса алды. Семейліктердің Ұлы Жеңіс ісіне қосқан үлкен үлесі туралы және ұрыс болған жерден алынған жер бөлшектері туралы құжаттардың түпнұсқалары үлкен қызығушылық тудырды.