Қазанның 12-сі күні 1102 тобы кураторы Қ.М. Белеуханова университетте білім алушылардың этикалық кодексімен топты таныстырды. Соның ішінде оқу кезіндегі мінез-құлық тәртібі, білім алушылар арасындағы қарым-қатынас және тағы да басқа тәртіптерді жете түсіндірді. Біздің ойымызша, этикалық кодексте көрсетілген талаптардың барлығы жүйелі түрде сарапталған. Кодекске сай болу – университет мәртебесіне, ең алдымен студенттердің өзіне және қоршаған ортаға деген сыйластығын арттырады деген ойдамыз. Қорытындылай келе, барлығымыз да талаптарға ұқыптылық және жауапкершілікпен қарау бізге міндет.
Куратор Қ.М. Белеуханова, 1102 топ студенті Ғ.Р. Тукинова