Қазан айының 8 күні университетіміздің №3 студенттер үйінде «Қыз Жібек» ұйымы жетекшілерінің ұйымдастырумен жатақханада тұратын қыз балалармен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Кездесуді ұйымдастырудағы негізгі мақсат ұйым мүшелігіне қыз балаларды тарту және жатақханада тұратын қыз балалардың тәртібі мен тәрбиесі мәселесі төңірегінде әңгіме қозғау болды.
«Қыз бала тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы». «Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің», – дегендей,бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Өйткені қыз болашақ ұрпақтың анасы. Ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенше баласына қамқорлық көрсету әлемнің бірқатар елдерінде сақтала бермейтін дәстүр. Біз қызбаланы тәрбиелеудеұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздеріне сүйене жүзеге асыруымыз қажет.Қыз баланың ары мен абыройы, келешек өміріне даярлығы, сыр-сымбаты ақыл парасатына сай, адамгершілік қасиеттерді өз бойына толыққанды топтастыра алған қыз тәрбиелеу біздің басты парызымыз болып табылады.
Халқымызда «бір ұл тәрбиелесең бір әулетті тәрбиелегенің, бір қыз тәрбиелесең бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген дана сөз бар.Қыз баланың барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған жөн. Осыны ескере отырып, біздің оқу орнымызда қыз баланың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлу мақсатында құрылған атаулы ұйымның қызметінің ролі ерекше деуімізге болады.
Ұйымның жетекшілері жалпы білім беретін пәндер кафедрасының оқытушылары Г.Н. Табулдинова, Л.К. Садықова және студенттік жетекшілер Кабиева Толғанай, Бөкешова Гүлназ жатақханада тұрып жатқан біздің қыз балаларымызға ұйымның мақсаты, міндеті, жоспары баяндалып, олармен бірлесе отырып қыз бала тәрбиесін бірлесе отырып жаңғыртуға, жүзеге асыруға шақырды.
«Қыз Жібек» ұйымы