Құрметті мейірбике ісі кафедрасы ассистенттерін бүгінгі ұстаздар күнімен құттықтаймыз! Сіздерді бәріміздің қамқоршымыз, жылы жүректі ұстаздарымыз болғандарыңызға мақтан етеміз!
Көп жылдар бойы ақырын жүріп, анық басқан ұстаз болуыңызбен бірге, бізді сабырлы мінезбен, салиқалы салмақты ақылдарыңызбен тәрбиелегендеріңіз, әрқайсымыздың өмірден өз орнымызды табуымыз үшін берген ақыл – кеңестеріңізге мың да бір рахмет айтып, шәкірттік ықыласымызды білдіргіміз келеді. Үлкен биікке қол жеткізуімізге, кісілікке, адамгершілікке тәрбиелегендеріңіз үшін біз сіздерге әрқашан қарыздармыз.
Ізгі тілекпен,
401 топ, мейірбике ісі мамандығының студенттері