Мемлекет басшысы Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялап, Қазақстанның алдағы даму стратегиясын айқындап берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі елді одан әрі дамытуға, денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға, сапалы біліммен қамтуға, өңірлік саясатты жетілдіруге, еңбек нарығында тиімді экожүйе құруға, саяси жаңғыруға, адам құқығын қорғау мен ұлтты ұйыстыруға бағытталған бастамаларын жариялады.
Семей медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы және қызметкерлердің қатысуымен Zoom платформасында балалар жұқпалы аурулар кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. И.М. Эфендиев және кафедра ассистенті м.ғ.к. А.А. Мансурова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарына тоқталып, жүктелген міндеттерді талқылады.