«СМУ» КеАҚ гистология кафедрасында 20 мамыр 2021 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұлы Абай атамыздың қара сөздері» тақырыбы бойынша жалпы медицина факультетінің 2421 топ студенттері арасында Zoom платформасында онлайн режимiнде кураторлық сағат өткізілді. Ұлы Абайдың қара сөздері тақырыбы бойынша 2421 топ студенттерінің ішінде Алуа Саденова Абай атамыздың қара сөздерін мәнерлеп оқып, әсерлі түрде терең философиялық мағынасын қатысушыларға жеткізе білді. Кураторлық сағат аясында Абай атамыздың қара сөздерін жан-жақты талқылап, студенттер өздеріне керек мағлұматтарды алды. Абай атамыздың қара сөздерінің тәрбиелік мәніне баса назар аударып, бір-бірінің ойларын толықтырып өтті.
Топ студенттері кураторлық сағат соңында өз ойларымен бөлісіп, былай қорытындылады: «Қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің қара сөздерінде қазақ халқын жақсылыққа, игі істерге шақырды, жамандық пен жалқаулықтан аулақ болу үшін әртүрлі маржан сөздерден адамға ой салуға тырысқан. Кез-келген қара сөзін оқысаңыз да санаңызға терең ой салып, шымырлата түседі. Осы сөздерді оқып шыққан әрбір қазақ азаматы әрине өз ұлтының нағыз жанашыры болып тәрбиеленіп шығатыны анық. Сондықтан біз ұлы Абай атамыздың нұсқауымен жүрсек жарқын болашағымыз баянды болары сөзсіз», – деп өз ойларын білдірді.
Гистология кафедрасы