«Nur Otan» партиясы жанындағы “Jas Otan” Жастар Қанатының КеАҚ «Семей медицина университеті» бастауыш бөлімі қарттарға көмек қолын созуды қолға алған еді. «Қарттар біздің байлығымыз» деп бекер айтпаған. Қыс мезгілінің суық күндерінде көшеде байқасаңыздар жасы жеткен қария әжелеріміз бен аталарымыз ішер тамағына немесе жылы киімге зәру болып, садақа сұрап тұрады. Бұл жағдай жүрекке ауыр тиеді, осыған байланысты біз тағы да қайрымдылық қорын ашып, тағы бір отбасыға ішер асына қаражат жинадық. Көп мөлшерде қаражат жинау міндетті емес, тек шын ниетпен берген ақшалардың өзі жеткілікті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп осы істі бәріміз бірге қолға алып, қаражат жинап бір отбасын қуантқан жайымыз бар!
