Баршамызға белгілі бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының шешімімен 1988 жылы 1 желтоқсан күні – Дүниежүзілік ЖИТС/АИТВ-пен күрес күні деп белгіленді. Сондықтан осы 2020 жылдың 2-ші желтоқсанында 1 курс, «Жалпы медицина» мамандығының 1108 топ студенттері куратор Ж.Г. Елемесовамен бірге ZOOM платформасында «ЖИТС-мен күрес» тақырыбы аясында тәрбие сағатын өткізді. Студент Қатарбай Маржан осы тақырыпқа сәйкес презентация дайындап, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромымен (ЖИТС) күрес жолындағы әлем және Қазақстан бойынша соңғы жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ, ЖИТС-ның ашылу тарихын, жалпы таралу жолдарын қарастырып өтті. Осы конференцияда айтылған ақпарат студенттер үшін бүгінгі күннің маңызды жаңалығы болды. Кездесудің соңына қарай куратор Ж.Г. Елемесова Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабындағы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп айтылған сөздерді тілге тиек ете отырып, жас ұрпақ темекі шегуге, спирттік ішімдіктерге және есірткіге құмар болмай, ағзамызға пайдалы жеміс-жидек, көкөністерді пайдаланып, сондай-ақ спортпен айналысып, денсаулықтарын нығайтуға ат салысу керектігін жеткізді. «Денсаулығы мықты және саналы жастар – біздің жарқын болашағымыз», – деп куратор сөзін аяқтады.
Биохимия және химиялық пәндер кафедрасының оқытушысы Ж.Г. Елемесова