2020 жылғы 16 қараша мен 7 желтоқсан аралығында Семей медицина университетінде «Стоматология» мамандығының 2 курс 6 студенттік тобы арасында алғаш рет гистология бойынша пәндік онлайн-олимпиада өткізілді. Онлайн-олимпиаданың мақсаты – қашықтан оқыту жағдайында білім алушылардың асқорыту жүйесінің гистологиясы саласында өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру қабілетін, ғылыми-зерттеу жұмысының IT-құзыреттілігі мен дағдыларын дамыту, танымдық белсенділігін ынталандыру.
Олимпиада бағдарламасына 3 сайыс кірді: 1-ші сайыс – команданың бейне сәлемдемесі; 2-ші сайыс – қашықтан оқыту техникасын қолдана отырып гистологиядағы өзін-өзі басқару күні; 3-ші гистологиялық препараттарды диагностикалау бойынша бейнероликтер байқауы. Бұл қашықтан өткізілген іс-шара біздің студенттеріміздің қаншалықты талантты және креативті екенін көрсетті. Әрбір команда байқау тапсырмаларын орындау кезінде шығармашылық тәсілді қолданып, қойылған міндеттердің бірегей шешімін көрсете білді. Сондай-ақ, олимпиада форматы сайысқа қатысушылардың болашақта кәсіби қызметінде қажет болатын командада жұмыс істеуге дайындығы мен қабілетін бағалауға мүмкіндік берді.
Сонымен, біз гистология бойынша алғашқы онлайн-олимпиаданың нәтижелерін жариялаймыз:
бірінші орын – 201 топ, 205 топ
екінші орын – 203 топ
үшінші орын – 202 топ, 206 топ.
Гистология бойынша бірінші онлайн-олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтаймыз! «Стоматология» мамандығының 2 курс студенттеріне гистология бойынша алғашқы онлайн-олимпиадаға белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз.
Гистология кафедрасы