Терапиялық стоматология кафедрасында 2020 жылдың 3 желтоқсанында СҒҮ-нің кезекті онлайн отырысы өткізілді. Терапиялық стоматология кафедрасының СҒЗЖ жауапты ассистенті Бекенова П.А. СҒҮ қатысушыларының мақсаттарымен, міндеттерімен таныстырды. Ғылыми жобаларды жариялады. 2019-2020 оқу жылындағы өткен студенттердің белсенді жұмыстары, сонымен қатар I-ші және III-ші жүлделі орындарға ие болған студенттердің жетістіктері мен жеңістері туралы да аталынып өтілді. СҒЗЖ жұмыс жоспарымен және ағымдағы 2020-2021 оқу жылына арналған ғылыми жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырды. “Аполлония” үйірмесінде “Стоматология” мамандығы бойынша 1-5 курстың 40 студенті бар. Кафедрада биыл 9 ғылыми жоба және 9 тақырып бойынша әдеби шолу әзірленіп, жүзеге асырылады. СҒҮ отырысындағы алғы сөз бірнеше ғылыми жобалардың жетекшісі, кафедра меңгерушісі, доцент Хайдарова Н.Б. берілді. Өз сөзінде доцент Хайдарова Н.Б. студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жоғары кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау мен тәрбиелеу сапасын арттыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Студенттердің ҒЗЖ ғылыми таным әдістерін және ғылыми тапсырмаларды өз бетінше шешіп меңгеруге, оқу материалын тереңдетіп және шығармашылық игеруге мүмкіндік береді. Келешекте ҒЗЖ өзекті мәселелерін шешу үшін де маңызы зор. Келесі сөзді кафедраның ҒЗЖ жауапты, доцент Сүлейменева Д.М. жалғастырды, ол білім беру үрдісіндегі ғылымның рөлі туралы айтып, студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысуға және орындауға ынталандырды.
Студенттер сұрақтар қойып, оқытушылар тарапынан толық жауаптар берілді.
Бекенова П. А. келесі отырыста студенттердің атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдау жоспарланғанын атап өтті.