2020 жылдың желтоқсанның 2-сі күні медицина мектебінің деканы Салтанат Узбекова «Жалпы медицина» мамандығының 1-5 курс студенттерімен қысқы сессия алдындағы кезекті жиналысын өткізді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жиналыс онлайн түрде ұйымдастырылды. Жиналыс офис-тіркеушінің бас маманы Б.Қ. Рахимжанова, курсқа жауапты координатор, декан орынбасары, әдіскер қатысуымен әр курсқа және шетел бөлімінің студенттеріне жеке өткізілді.
Жиын өткізудегі басты мақсат – студенттердің қысқы емтихан сессиясына байланысты туындаған сұрақтарына жауап беру. Кездесу барысында қысқы емтихан сессиясының өткізілу тәртібі мен кестесі таныстырылып, студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысу жағдайлары талқыланды. Сонымен қатар, студенттерге емтихан кезіндегі университтеттің академиялық адалдық талаптары, аппеляцияға беру тәртібі мен техникалық көмек байланыстары туралы ақпараттар айтылды.
Жалпы атаулы жиындар арқылы бірқатар сұрақтарға жауаптар алынып, толыққанды ақпарат берілді.
Медицина мектебі