2020 жылдың қараша айының 12-сі күні терапиялық стоматология кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Стоматология» мамандығының 6 курс студенттері арасында «Терапиялық стоматология» пәні бойынша олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 605, 607-ші топтың студенттері қатысты. Қатысушылар 3 студенттен 3 топты құрады. 4 турдың қорытындысы бойынша 1-орынға 1-топ (Ислямгазинова Асия, Жанкарина Гульдана, Малгаждар Салтанат); 2-орынға 3-топ (Умутканова Даурия, Советова Жансая, Хажаев Лашын); 3-орынға 2-топ (Еламанова Жансая, Султанқызы Шаттық, Рамазанов Рустам) ие болды. Олимпиада жеңімпаздары мадақтама қағаздарымен және кішігірім сыйлықтармен мараппатталды.
Олимпиада ұйымдастырушылары: терапиялық стоматология кафедрасының меңгерушісі Н.Б. Хайдарова және 603 топ интерндері.