2020 жылғы 10-12 қараша аралығында Семей медицина университетінде визитинг-профессор, И.К. Ахунбаев атындағы Қырғыз мемлекеттік медицина академиясының С.Б Данияров атындағы фундаментальды және клиникалық физиология кафедрасының меңгерушісі, профессор Кононец Ирина Евгеньевна онлайн режимінде мастер-класс өткізді. Дәрістер «Биомембраналар. Қозғыштық», «Биотоктар. Қозу сипаттамасы» тақырыптарына арналды.
Дәрісті «Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттері және қалыпты физиология кафедрасының ұжымы: кафедра меңгерушісі Рахыжанова Сәуле Орынғазыевна, доцент Сайдахметова Айгүл Сайдахметовна, доцент м.а. Усенова Оксана Александровна, аға оқытушы Токешева Гульмира Манарбековна, оқытушы Мусаханова Айжан Ермековна, оқытушы Амангельдина Құндыз Жанарбековна тыңдады.
Студенттер алынған ақпараттың айқындылығы мен қол жетімділігін ерекше атап өтті. Дәріс соңында студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар алынды.