Түлектерді жұмысқа орналастыру және Medical Foundation бөлімінің бас маманы Э.М. Турарова және Medical Foundation бөлімінің әдіскері Д.Е. Советбеков 2020 жылғы 11 қарашада Зайсан қаласының Х. Мұстафин атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларына онлайн форматта кәсіптік бағдарлау жұмысын өткізді.
Кездесу барысында оқушылар Семей медицина университетінің тарихымен және табысты қызметімен егжей-тегжейлі танысты. Іс-шара барысында оқушылар ҰБТ өткізу және мемлекеттік гранттарды бөлу бойынша өзгерістер мен толықтырулар, психометриялық тест сияқты өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Medical Foundation бөлімінің әдіскері Д.Е. Советбеков атап өткендей, 16 қарашадан бастап “Medical Foundation” дайындық бөлімінде бейіндік пәндер бойынша дайындық басталады.
Мұндай іс-шараны өткізу талапкерлер үшін түлектердің назарын аудару және оларға қабылданған шешімнің барлық перспективаларын көрсету, сондай-ақ оқуға түсу ережелерімен, Семей медицина университетінде оқумен таныстыру үшін өте маңызды және қажетті болып табылады. Кездесу соңында оқушылар “Medical Foundation” дайындық бөліміне оқуға шақырылды.
Medical Foundation бөлімінің әдіскері Д.Е. Советбеков