2020 жылғы 9 қазан күні «Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасының стратегиялық даму және жастар саясаты бойынша орынбасары Нұржан Айдосов, жастар саясаты бөлімі мамандарының студенттік жастар клубтарымен кездесуі өтті. Қашықтан өткізілген басқосу барысында жастар ұйымдарының 2020-2021 оқу жылына іс-шаралар жоспары таныстырылды. Сонымен қатар, клуб жетекшілері өз ұйымдарының қызметі туралы баяндап, жаңа оқу жылында атқырылатын іс-шаралармен бөлісті.
Қатысушылар клубтың одан әрі дамуына қатысты өзекті сұрақтар қойып, Басқарма Төрағасы орынбасарынан мардымды жауаптар ала алды. Клубтардың өткізілетін жұмыстарына қысқаша қорытынды анализ жасалып, түрлі бағыттарға кеңес берілді. Алдағы уақытта университет жастар клубтары өткізетін іс-шаралар толық бақылауға алынып, оларға жан-жақты қолдау көрсетіледі.