Бүгін Семей медицина университетінің ардагері, қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының іс қағаздарын жүргізушісі Саржанова Күлбағи Түсіпбекқызы 55 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осы атаулы күнге орай университет қызметкерлері мерейтой иесіне естелік сыйлық табыстап, сыйлы әріптесіне жылы лебіздерін білдірді.
– Отыз жылдан астам сіз біздің университетіміздің білікті маманы, жас әріптестеріміздің тәлімгері ретінде қызмет атқарып келесіз. Сізді осы мерейлі күнде мерейтойыңызбен құттықтап, шын жүректен зор денсаулық, мол бақыт, қажымас қайрат тілейміз, – деп құттықтауларын жеткізді құрылымдық бөлімшенің басшысы Ажар Татыбаева. Басқарма Төрағасы – Ректор м.а. Марат Жанаспаев та мерейтой иесін құттықтап, зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр тіледі.
Саржанова Күлбағи Түсіпбекқызы «Өндірістік құрылыс» мамандығы бойынша 1985 жылы Семей құрылыс техникумын бітірді. 1992 жылдан бастап 2018 жылға дейін Семей мемлекеттік университетінің кредиттік оқу жүйесі, стоматология және шетел бөлімінің деканатының хатшысы болып істеді. 2018 жылдан бастап Қызметкерлер мен білім алушыларға қызмет көрсету орталығының іс қағаздарын жүргізушісі болып жұмыс істейді. Қазақ және орыс тілдеріндегі іс-қағаздарын жүргізеді. Жұмыс орнында өзін жауапты, ұқыпты қызметкер ретінде көрсете білді.
2011 ж. АҚ «Холдинг «Зерде» семинарына қатысып «электрондық үкімет және электрондық қызмет көрсету» куәлігін алды. 2012 жылдан бастап «Сириус» бағдарламасында жұмыс істеді.
2003 жылы Халықаралық әйелдер күні құрметіне адал еңбегі үшін еңбек кітапшасына марапаттау енгізілді, 2007 жылы тәуелсіздік күніне облыстық кәсіподақ ұйымы атынан алғыс хатпен марапатталды. 2013 жылы Семей қ. ММУ-нің 60 жылдығына «Семей медицина университетіне сіңірген еңбегі үшін» мерейтой медалімен марапатталды. 2015 жылы медицина қызметкерлері күніне Семей қ. ММУ-нің ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылы Халықаралық әйелдер күні мейрамына Семей қ. ММУ-нің ректоры атынан алғыс хатпен марапатталды. 2019 жылы «Наурыз-мейрамы» орайында ерен еңбегі үшін алғыс хатпен марапатталды.