Мен, Амантаева Дина Сайлаубекқызы, Семей медицина университетінің Жалпы медицина мектебінің 2 курс студентiмiн және “Jas Otan” ЖҚ студенттер ұйымының белсенді мүшесімiн.

Әрбір адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы басты әрі маңызды қадамдарының бiрi – мамандық таңдау. Менi де бала күнімнен осы сұрақ мазалайтын, бiрақ та мен өзімнiң ақ халатты абзал жан болғым келетiнiмдi уақыт өте келе түсiндiм. Менiң осы мамандықты таңдауыма түрткі болған, туған әпкем интерн-дәрігер Амантаева Дана Сайлаубекқызы. Бала күнімнен апайымның ақ халат киiп келгенін көрген кезде және туыстарым сырқаттанып қалғанда емдеп жазғанда қарап қызығатын едiм. Сол кезден бастап өзімнiң маңызды таңдауымды жасадым.

Алдыма мақсат койып, бар зейiнiмдi тек сабаққа қоя бастадым. Қаншама дайындық, ұйқысыз түндер, ұстаздарыммен қосымша сабақтар өз нәтижесін көрсетті. ҰБТ шешімі бойынша 126 балл жинап, өзімнiң мақсатыма  1 қадам жақындағандай болдым. Ендігі таңдау оқу орнын таңдау еді, бірақ та мен елiмiздегi ең үздік медицина университеттерiнiң бiрi Семей медицина университетін таңдадым. Себебі, университеттегі сапалы бiлiм, ұстаздардың болашақ дәрігерлерді оқытудағы тәсілдері және студенттердiң өзін дамытуына барынша көңіл бөлiнетiндiгiн осы оқу орнының түлегi әпкемнен естiген болатынмын.

Қалаған оқу орныма түсiп, студенттік өмірдің ең қызықты да керемет уақыты да басталды. Университетiмiзде студенттерге барынша өзiн жан-жақты етіп дамытуға көп көңіл бөлінеді, соған арнайы 20-дан астам ұйымдар ұйымдастырылған. Соның ішінде маған ерекше қызық болғаны – “Jas Otan” ЖҚ ұйымы. Бiз осы қысқа мерзімде көптеген игі істерді жасадық, әртүрлі қоғамдық жұмыстарды қолға ала бастадық және ұйым жыл сайын оқушыларға интеллектуалдық сайыстарды ұйымдастыруға белсене қатысады.

Ең бастысы, бiр отбасыдай ұйымшылдығы жүрегіме жылулық береді.

Алдыңа қойған қандай да бір арман-мақсатың болса, еш тайынба! Өміріңдегi ең маңызды таңдауды дұрыс жаса, Жас Түлек! SMU – сенiң жарқын болашағыңның кепілі! Сондықтан SMU-ге кел, Жас Түлек!