Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XV ғасырдың орта шенінде құрылды.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы – Керей, соңғы ханы – Кенесары Қасымұлы. Хандықты басқару ісінде Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке, Абылай сынды білікті, білекті хандар болған. Қазақ хандығы Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті Жарғы заңдарына жүгінген.
Қазақ хандығының шығу тегін, Қазақ хандарының мақсаты мен ұстаған бағытын түсіндіре отырып, студенттердің өз Отанын сүюге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Рухани жаңғыру» аясында 431 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізілді.
431 топ ЖМ, куратор, Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының ассистенті Е.С. Смаилов