Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 1222 топ студенттері мен куратор Б.А. Жоргатаеваның ұйымдастыруымен, 2020 жылдың 25 ақпан күні ШҚО Семей қаласының Абай тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты – ақыл…» атты мұражай қызметкерлерімен танымдық тәрбие сағаты өтті. Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мемлекеттік қорық-мұражайының ғылыми қызметкері Азамат Қажыбай студенттерге ақынның қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындырып, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларын жіктеп түсіндірді. Абай мұрасының тигізер пайдасы зор екенін, бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде де өз пікірімен бөлісті. Ұлы ақынның ой-тұжырымдары баршамызға рухани азық болып, келешек ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналатынына сенеміз.
Куратор Б.А. Жоргатаева
Топ студенті А.Қ. Мәутханова