2020 жылдың 24 ақпан күні СМА ҚМЖО SCORP адам құқықтары жөніндегі тұрақты комитеттің белсенділері «Стигматизация» тақырыбында іс-шара өткізді. Оған №32 орта мектептің 10-сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың мектептегі «қорлау», стигматизация және оның алдын-алу туралы білімдерін кеңейту. Іс-шара презентация және тренинг форматында өтті. «Өзіңді және өзіңнің эмоцияларыңды қалай басқаруға болады» тренингінде Потенциалды дамыту жөніндегі директордың орынбасары Анель Ерланқызының жетекшілігімен студенттер әр түрлі көріністер көрсетті, сыныпты жұмылдыру және өзін-өзі бағалай алу үшін ойындар жүргізілді. Сондай-ақ, кері байланыс үшін онлайн тест өткізілді.
Бұл білім оқушыларға пайдалы болды деп сенеміз.