Балалардың тістерін тазалауды үйрету – ерте ме кеш пе барлық ата-аналардың басына түсетін мәселе. Бұл баланың өмір бойы ауыз қуысының гигиеналық әдетін қалыптастыру үшін өте маңызды. 20 ақпанда «Стоматология» мамандығы бойынша 202 топ студенттері Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларына (5-7 сыныптар) «Тістерді қалай дұрыс күту керек» атты таныстыру сағатын өткізді. Кіріспе сағаттың негізгі мақсаты: ауыз қуысының негізгі ауруларымен таныстыру, стоматологиялық көмек ережелері мен әдістері туралы білімдерін жалпылау. Жеке гигиена дағдыларын насихаттау. Өз денсаулығыңызға ұқыпты қарауды дамыту. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Емдеу туралы біз білгенімізбен, тіс тазарту – сіздің міндетіңіз!
Қоғамдық денсаулық кафедрасының оқытушысы, куратор Калбагаева Ж.Е.