2020 жылғы 14 акпан күні «Стоматология» мамандығының 202 тобы кураторы Қайратова Гүлназ Қайратқызы жетекшілігімен қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының Семей қаласында орналасқан әдеби-мемориалдық мұражайына экскурсия өткізілді.
«Абай және оның дәуірі», «Жайлау», «Үш қайнар бұлақ», «Абай шығармашылығы», «Абайдың ақындық өнер айналасы», «Абайтану», «Қазақ халқы ақын атын ардақтайды» бөлімдерінде Абай өміріне байланысты архивтік материалдар, түрлі құжаттар, қазақ халқының тұрмыстық-этнографиялық өмірін бейнелейтін заттар, қол өнері мен бейнелеу өнерінің туындылары, сол кезеңде өмір сүрген ақындардың қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар т.б. таныс болды. Экскурсия 202-стоматология студенттеріне рухани-патриоттық тәрбиесі зор болды.