2020 жылдың 12 ақпанында қоғамдық денсаулық кафедрасының кураторлары доцент Ш.М. Төкешева, оқытушылар М.Б. Бейсенгазина, С.К. Нұртазина Семей қаласының дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицейінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша семинар өткізді. Әлемдегі коронавирустық инфекция бойынша күрделі эпидемиологиялық жағдайды есепке ала отырып, кураторлық топтардың студенттері “Коронавирустық инфекция, эпидемиология, клиника, диагностика және алдын алу” презентациясымен сөз сөйледі, қауіпсіздік шаралары – ЖҚҚ қолдану, қол және тыныс алу ағзаларының гигиенасы көрсетілді.
Қоғамдық денсаулық кафедрасының доценті Ш. М. Токешева, оқытушылар М. Б. Бейсенгазина, С. К. Нұртазина