Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында ЖМ 123 (1317) тобының студенттері облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайда түпнұсқадағы тарихи құжаттар сақталғандықтан мұражайдың оқыту-тәрбиелік әлеуеті жоғары болып табылады. Мұражайға барудағы мақсат – студенттерді Семей қаласының тарихымен таныстыру.
Студенттер өлкетану мұражайында әртүрлі экспонаттармен, оның ішінде археология, қолданбалы өнердің құнды жәдігрелерімен, сирек кітаптармен, фотоматериалдармен танысты. Мұражай қызметкерлері студенттерге танымды экскурсия жүргізіп, туған өлкенің елеулі тарихи оқиғалары жөнінде баяндап берді. Білім алушылар музеймен танысу барысында пайдалы ақпараттар алды.
ЖББП кафедрасының аға оқытушысы Р.Ж. Екібаев