2020 жылдың 29 қаңтар күні Семей медицина университетінің «Жалпы медицина» мамандығының 2102, 1222 топ студенттері мен куратор Б.А. Жоргатаева әлемдік індетке айналған 2019-nCoV коронавирусының алдын алу мақсатында участкелік дәрігер В.В. Огнёвамен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты, студенттерге жұқпалы аурудың таралу жолдары мен алдын алу шаралары, одан қалай сақтану керектігі туралы ақпарат беру. Сонымен қатар, арнайы видеороликтер мен презентациялар студенттер назарына ұсынылды. Кездесу барысында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жан-жақты ақпарат алды.
Топ кураторы Б.А. Жоргатаева
Топ старостасы Н.Н. Мазыбаева