2020 жылдың 25 қаңтарында Семей медицина университетінің «Қыз Жібек» клубының мүшелері клуб жетекшісі Г.Н. Табулдиновамен бірге №8 балалар үйіне барды.
Іс-шараның мақсаты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне салауатты өмір салтын ұстану және сол арқылы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау, олардың өзін-өзі бағалау қабілеттерін арттыру, сонымен қатар олардың шығармашылық әлеуеттерін ашу болды.
Кездесу барысында студенттер балаларға салауатты өмір салты, оның ішінде балалар мен жасөспірімдердің жеке гигиенасы туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, жұмбақтар мен ребустар жасырып, түрлі сайыстар өткізді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері барлық ойындарға аса белсенділікпен қатысты. Олар өздерінің алғырлығы мен қонақжайлылығын көрсетті. Кездесу соңында «Қыз Жібек» клубының белсенділері балаларға сыйлықтар таратып, тәттілер ұсынды.
«Қыз Жібек» клубы үшін мұндай іс-шараның дәстүрге айналған деп айтса да болады. Клуб белсенділері қаладағы балалар үйлеріне қайырымдылық сапарларын бұрын соңды да ұйымдастырғандығын және болашақта оны тоқтатпауды жоспарлайды. Университеттің кәсіподақ ұйымына көрсетілген көмек үшін алғыс айтамыз.
«Қыз Жібек» ұйымының жетекшісі және белсенді мүшелері