2019 жылдың 23 мамыр күні сағат 14:00 Семей медицина университетінің қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы даланың жеті қыры» және «Жастар жылы» аясында «Қазақстандағы саяси өзгерістер қарқыны» атты дөнегелек стөл ұйымдастырылды.
Дөңгелек стөл барысында ҚР Президентінің жолдауы мен саяси шешімдерін талқылау. Саяси қуғын–сүргін құрбандарын еске алу. ҚР саяси өзгерістері мен оның бағыты. Өтпелі кезеңнің өзекті мәселелері туралы мәселелер қарастырылды.
Семей медицина университетінің қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және ЖББП кафедрасының жетекшісі Сергазина Г.М., гуманитарлық білімнің маңыздылығына баса назар аударуды алға тартты. Содан кейін баяндамамен «ҚР саяси өзгерістері мен оның бағыты», кафедра оқытушысы Нұрғазы Қ.А. сөз сөйледі.
Сонымен қатар, КазГЮИУ Кудагельдин М.Т. отырысқа қатысты, тақырып аясында өз ойларымен бөлісті.
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы және
ЖББП кафедрасының оқытушысы Қ.А. Нұрғазы