Жыл сайын мамырдың үшінші жексенбісінде ЖИТС құрбандарын еске алу әдетке айналды. Бұл ЖИТС-пен ауыратын адамдар мен АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың проблемаларына, сондай-ақ осы аурудың дүниеде таралуына назар аудару үшін арналған.
2019 жылдың 22 мамырында репродуктивті денсаулық жөніндегі тұрақты комитетінің SCORA KazMSA ұйымының белсенділері «БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖИТС (СПИД) ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ» іс-шарасын өткізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге инфекция қауіпі жайлы ескерту және қауіптен сақтану үшін алдын алу. ЖИТС құрбандарының әлемдік проблемасының таралуына назар аудару болды.
Іс-шара барысында «SCORA» белсенділері дәрістер жүргізіп, студенттердің қатысуымен түрлі тренингтер ұйымдастырды. Әр студентке ЖИТС-ке қарсы күрестің символы болып табылатын қызыл ленталар, сондай-ақ ЖИТС туралы ақпарат бар брошюралар берілді. Бүгінгі күні бүкіләлемдік ЖИТС құрбандарын еске алу күнінде осы акцияның белсенділері және студенттер өздерінің киіміне қызыл лента байланды.
Соңында, барлық қатысушылар ЖИТС құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздікті арнады.