Жыл сайын мамырдың бірінші аптасында – Аналардың дүниежүзілік психикалық денсаулық куні тарту етеді, психикалық сау аналар мәселесіне назар аударту мақсатында, өйткені статистика бойынша әрбір 5-ші жас ана, босанғаннан кейін депрессия, немесе жай-күйі ауыр өтетін жағдайлармен жиі кездеседі. Бұл күні медициналық ұйымдарда тренингтер өтеді, және осы тақырыпқа байланысты, психикалық бұзылыстардың алдын алу және емдеу мақсатында, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және психиатр арасында тегін кеңестер беру шарасы көрсетіледі.
Жыл сайын мереке жаңа тақырыппен өтеді. 4 мамыр 2019 жылы SCORA жыныстық және репродуктивтік денсаулық жөніндегі тұрақты комитетінің белсенділері, психикалық денсаулығын сақтау күніне арналған «Бала емізу негізі» тақырыбына іс-шарасын өткізді. Сондай-ақ, 10 мамыр 2019 жылы, ШЖҚ перзентхана бөлімшесі "№1 Павлодар қалалық ауруханасы" мен бірігіп, осындай тақырыпқа іс-шара өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты, әйелдерге емшек сүтімен тамақтандырудың артықшылықтары туралы хабарлау болды. Іс-шара Семей қаласының перинаталды орталығында ұйымдастырылды, онда SCORA белсенділері аналарға баланы емізудің артықшылықтары туралы ғана емес, сонымен қатар олардың физикалық және психикалық денсаулығы туралы айтып берді. Студенттер барлық палаталар айналасына барып, лактогенез туралы ақпаратты қамтитын брошюралар таратты. Іс-шара әңгіме түрінде өтті және тыңдаушылар өз сұрақтарына жауап ала алды.