Қымбатты жерлестер! Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Сол сұрапыл жылдардан кейін 74 жылдан астам уақыт өтсе де, Ұлы ерлігі ешқашан ұмытылмайды.
Жеңіс күні – сол уақытта өздерінің қасиетті парызын адал атқарған миллиондаған жауынгерлердің қыршын қиылған өмірлері мен жауды жеңу жолында ауыр еңбекке өмірлерін арнаған миллиондаған тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз төккен терінің өтеуі.
Біз бүгінгі бейбіт күн үшін бүкіл әлемге Отанды шексіз сүюдің үлгісін көрсеткендерге, тарих беттерінде есімдері алтын әріппен жазылып қалған жауынгерлерге зор құрмет көрсетіп, тағзым етеміз.
Арада қаншалықты уақыт өтсе, сіздердің буын жүзеге асырған Ұлы Жеңістің ұлағатты тағылымдарын пайымдау соншалықты арта түседі. Бұл ешқашан ұмытылмауы тиіс.
Ұлы Жеңіс бірнеше буынға бейбітшілік пен ашық аспан сыйлап келеді. Майдан даласында қаза тапқан сарбаздар ерлігі бүгінгі және келешек ұрпақтың мәңгі есінде
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, аспанымыз ашық болысн!
Ізгі ниетпен,
Ерсін Жүнісов
Семей Медицина университетінің
басқарма төрағасы -ректор