Ұлы Отан Соғысының жеңісіне74-жыл толуына байланысты 06.05.19 күні терапиялық стоматология кафедрасының қызметкерлері 5 курс студенттерімен бірге тылда қызмет еткен ардагерлермен КГУ «Семей арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында» кездесу ұйымдастырды.
Отан үшін соғысып, жанын бергендердің және тылда қызмет еткендердің қатары саусақпен санаулы ғана. Тыл -бұл да майдан, бірақ еңбекті, сарқылулы және қиын.Қазіргі таңда қарттар үйінде 27 тыл қызметкерлері қалған..
Стоматология факультетінің 5-ші курс студенттерінің күшімен тыл қызметкерлеріне арналған концерт ұйымдастырылды, дастархан жайылды, барлығы бірігіп майдандық өлеңдерді шырқап, ардагерлерге гүл шоқтары ұсынылды. Қазіргі таңға дейін жетпеген ардагерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Терапиялық стоматология кафедрасы, 5 курс студенттері