27.04.2019ж. Семей медициналық университетінде Семей қаласы мен Шығыс-Қазақстан облысының орта мекттептері мен лицей, гимназияларының 11-12 бітіруші түлектерінің арасында биология пәнінен VIII Облыстық Олимпиада өткізілді.
Жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткізілетін Облыстық Олимпиаданың ұйымдастырушылары ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы қызметкерлері мен «Medical Foundation» даярлық бөлімі және КеАҚ «Семей медициналық университеті» қабылдау бөлімі болды.
Олимпиаданың басты мақсаты, облыстың бітіруші түлектері арасынан дәрігер мамандығы қызықтыратын оқушыларды мамандыққа тарту, дарынды балаларды анықтау.
Олимпиада жыл сайын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткізіледі.
Олимпиада жазбаша формада өткізілді. Тест сұрақтары биология пәнінің бағдарламасына сәйкес төмендегі бөлімдерді біріктірді: ботаника, зоология, адам анатомиясы және физиологиясы, жалпы биология, жалпы және медициналық генетика. Жазбаша тестілеуді тапсыруға 80 минут уақыт берілді, тест I, II, III деңгейлерден, сондай-ақ ойлау қабілетін дамытатын ситуациялық есептерден тұратын 50 сұрақты біріктірді.
Биология пәнінен VIII Облыстық Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар анықталды:
Орыс бөлімінен:
1 орын – Толеухан Акежан (Экономикалық лицей)
2 орын – Костенко Полина (№40 орта мектеп)
2 орын – Калашников Дмитрий (№35 орта мектеп)
3 орын – Курманова Асем (Экономикалық лицей)
3 орын – Кажибекова Тамила (Экономикалық лицей)
3 орын – Келенцева Ксения (№1 орта мектеп)
Ынталандыру дипломы жоғары балл алған:
- Кенжебаев Алем (№30 орта мектеп)
- Мухитдинова Алина (№5 орта мектеп (Павлодар қаласы))
- Саймбекова Әнел (Үржар ауданы)
- Арнт Виктория (Бородулиха ауданы)
- Сылдырбаева Алида (Жарма ауданы)
Ағылшын бөлімінен:
1 орын – Чарахметов Арафат («Білім-Инновация» лицейі)
2 орын – Ахмерова Даня (Назарбаев интеллектуалды мектебі)
3 орын – Дауренқызы Асылжан (Назарбаев интеллектуалды мектебі )
Ынталандыру дипломы жоғары балл алған:
- Маслина Юлия (Назарбаев интеллектуалды мектебі)
- Фергатова Адель (Назарбаев интеллектуалды мектебі)
Қазақ бөлімінен:
1 орын – Ирасилова Бигайша (№21 орта мектеп)
2 орын – Ерхатқызы Жанар (Зайсан ауданы)
2 орын – Шәріпова Гүлнұр (Қалбатау ауданы)
3 орын – Бигалиева Алина (Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылы)
3 орын – Кульжанбекова Аружан (№3 орта мектеп)
3 орын – Қайратбекұлы Жанибек (Жарма ауданы, Үшбиік ауылы)
3 орын – Алимбекова Дильназ (№27 орта мектеп)
Ынталандыру дипломы жоғары балл алған:
- Мухтарова Жанэля. Зайсан ауданы
- Нургалиева Аружан. Жарма ауданы, Үшбиік ауылы
- Азатұлы Ерхат. Жарма ауданы, Қалбатау ауылы
- Омарова Қымбат. Жарма ауданы, Шар қаласы
- Айтказина Лейла. №39 орта мектеп
- Маратова Гүлім. №37 орта мектеп
Барлық жүлдегерлер ақшалай және сертификаттармен марапатталды.
ҰҒА-ның академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы