9- 10 наурыз күндері Шәкәрім атындағы СМУ-да " Парасат" дебат клубының ұйымдастыруымен өткен студенттер мен оқушылар арасындағы "Дін және Мектеп" қалалық Микс-турнирінде Семей Медицина Университетінің “Салауат” Дебат клубы 2 дүркін жеңімпаз атанды! Турнирге Семейқаласының барлық жоғарғы оқу орындарының дебат клубтары және барлық мектеп лигасының оқушылары қатысты. "Эрдоган" фракциясы: СМУ, 341 топ студенті Исаxан Нұрбақыт және Семей 32 орта мектеп оқушысы Серікбосынов Нұргелді 24 фракция арсынан озық шығып, 1- орын алды. Ал студентіміз Исаxан Нұрбақыт 48 спикер арасынан топты жарып, ең үздік ойыншы атанды, Линкольн Дуглас форматының кубогын иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! «Салауат» дебат клубына алдағы уақытта да үлкен жетістіктер мен жеңстер тілейміз!
Категориясы: Оқушылар
Осы жазбамен бөлісу