2019 жылы ақпан айының 21-і күні 414 топ студенттері кураторы Егежанова Гүлбаршын Мырзахметовнамен «Студенттердің қоғамдық өмір және ғылыми жұмыспен айналысуының маңызы» атты дөңгелек үстел өткізді.
Отырыста, ең алдымен, Гүлбаршын Мырзахметовна ғылыми жоба, қоғамдық өмір, университетіміздегі белсенді жұмыс атқарып жатқан топтар, мектептер жайлы түсіндіріп өтті. Ары қарай, сөз кезегі студенттерге берілді. Әрбір студент өзінің қоғамдық өмірге тигізген пайдасы туралы, сондай-ақ 414 топ студенттері жұқпалы аурулар пәні бойынша «вакцина» тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізіп жатқандығы жайлы айтты. Шетелдік студенттер де өз іштеріндегі белсенді студенттерді атап, алға қойған мақсаттарын айтып, еркін түрде өз ойларын білдірді.
Естаева Жанель, 414 топ ЖМ